19-20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында "Qarlygash-2019" I Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

19.08.2019

          19-20 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қарлығаш-2019» І Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы: «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары».

          Конференция аясында келесі бағыттар бойынша пленарлық және ғылыми секциялық отырыстар өткізіледі: «Әлемдік кеңістіктегі мектепке дейінгі білім беру үрдістері» (19.09.2019 ж.), «Мектепке дейінгі білім берудің басымдықтары мен өзекті мәселелері» (20.09.2019 ж.).

          Конференция жұмысына Италия, Финляндия, Ұлыбритания, Австралия, Эстония, Индия, Грузия, Беларусь, Украина, Ресей Федерациясы және т.б. таяу және алыс шет елдердің мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетекші сарапшылар, педагог-практиктер, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Қазақстан Республикасы өңірлерінің білім басқармалары өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

          Медициналық орталық жүйесінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың басым бағыттарының бірі мектеп жасына дейінгі балаларды білім беруге және сауықтыруға инновациялық көзқарасты іздену, жаңа оқу материалдарын дайындау, оның фундаменталды сақталуы және қоғамның, мемлекеттің өзекті қажеттіліктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету.


Тізімге оралу