Медициналық орталық Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мини-футбол турнирінің күміс жүлдегері атанды

24.08.2019

2019 ж. 24 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында жыл сайынғы мини-футбол турнирі өтті. Турнирге барлығы 9 команда қатысты.

IMG_20190824_130136.jpg

Жартылай финалдың қорытындысы бойынша біздің командамыз «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ мен «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК командаларын жеңіп, финалға өтті. Финалда Медициналық орталықтың командасы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК командасымен 0:0 есебімен ойнап, пенальтиден 2:3 есебімен қарсыласқа жол берді.

IMG_20190824_130257.jpg

 Қола жүлдесіне «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК мен «ҚР ПІБ Автошарушылығы» РМК командалары ойнап, біріншісі жеңіске жетті.


 Сонымен қатар, біздің ойыншымыз Морозов Кирилл Игоревич («ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК) турнирдің «Үздік қорғаушысы» атанды.

 IMG_20190824_130352.jpg

Спортшыларымызды жарыстағы лайықты күміс жүлдесімен құттықтаймыз!



Тізімге оралу