ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК, Нұр-Сұлтан қ.

Сәлемдеме сөз


WhatsApp Image 2021-09-16 at 09.50.07.jpeg

Директор - Казакпаева Бейбіткуль Зинадиловна


             Құрметті ата-аналар, әріптестер және сайт қонақтары!

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК (Кәсіпорын) Қазақстанның мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдары арасындағы ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001-2015) Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатына ие жалғыз  ұйым болып табылады және біздің балабақша еліміздегі мектепке дейінгі озық мекемелерінің қатарына кіреді.

2020 жылдың қараша айында Кәсіпорын қайта сертификаттау рәсімінен өтіп, мерзімі 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін жарамды Сертификат алды.

2020 жылдың маңызды жетістігі және 10 жылдық кезеңнің нәтижесі сол -  Кәсіпорын Ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестікті бағалайтын институционалдық аккредиттеу рәсімінен өтті (NAEYC – Кіші жастағы балаларға білім беру мәселелері жөніндегі ұлттық қауымдастықтың американдық аккредиттеу агенттігі).

Кәсіпорынға жалпы жобалық қуаты 750 орынды құрайтын үш балабақша  қарайды.


Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту - Кәсіпорын басымдықтарының бірі болып табылады. Балабақшаларда 5 реттік тамақтандыру ұйымдастырылған, шынықтыру, сауықтыру гимнастикасы, балалар фитнесі, галатерапия және т.б. денсаулық сақтау технологиялары қолданылады. Жоғары білікті медицина қызметкерлері білім беру және тәрбие процесіне сапалы медициналық сүйемелдеу  қызметін көрсетеді.

Жақын және алыс шет елдердің педагогикалық тәжірибелерінің үздік жетістіктері практикаға енгізілуде, инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметке ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу көрсетіледі. Кәсіпорын 2018 жылдан бастап эксперименттік алаң ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының тілдік ортаға бойлау әдісіне негізделген пилоттық жобасына атсалысады.

Біздегі материалдық-техникалық база мен заттық-дамытушы орта әр баланың қабілетін ашуға мол мүмкіндік береді, балалардың зияткерлік, шығармашылық және физикалық дамуына зор ықпал етеді.

Сапалы қызмет көрсету және ата-аналармен өзара әрекеттесіп жұмыс істеу - Кәсіпорын дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Балалардың қажеттіліктері мен ата-аналардың тілектерін ескере отырып, балабақшаларда негізгі оқу бағдарламасына қоса шахмат, би, гимнастика, тіл үйрету және т.б. пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізіледі және үйірмелер жұмыс істейді.

Біздің балабақшаларымыздың тәрбиеленушілері зияткерлік, шығармашылық және спорттық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары болып табылады. 10 жыл ішінде біз 700-ден астам баланы шығарып салдық, олар бүгінде НЗМ, «Дарын», РФММ, Astana English sсhool, Seed School, «Шабыт» өнер мектебі және т.б. үздік мектептерде жақсы оқу үлгерімін көрсетуде.

Кәсіпорындағы адами ресурстарды басқару жұмысы жоғары білікті пікірлестер тобын құруға бағытталған. Балалар үшін мектеп жасына дейінгі кезең танымға, қызыққа толы болуы үшін мұғалімдер үнемі ізденеді, қызықты және шығармашылық идеялар қарастырады, өйткені балалармен жұмыс істеу барысында инновацияларды қолдану - педагогикалық процесс тиімділігінің маңызды шарты болып табылады. Біздің педагогтеріміздің республика деңгейінде де, шетелде де өз шеберліктерін арттыра алады.

Біз мақтанатын жетістіктер баршылық және біз осы тәжірибелерімізбен республиканың түрлі өңірлеріндегі әріптестерімізбен қуана  бөлісуге  әзірміз.

Отандық мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру үшін  әріптестерімізбен жемісті ынтымақтастыққа үміт артамыз.

Біздің Кәсіпорынның қызметі өзара сыйластыққа, сенімге және іскерлік қарым-қатынастарға негізделеді.

Біздің миссиямыз: Болашақ қазақстандықтардың табысты болу мүмкіндіктерінің негізін мектепке дейінгі білім беру жасынан бастап қалау. 

Біздің пауымдауымыз: Балаларды дамыту мен оқытуда заманауи қызметтер көрсететін еліміздегі жетекші балабақша атану. 

 

Құрметпен,

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК директоры

Казакпаева Бейбіткуль Зинадиловна


Қызмет түрлері
ҚР ПІБ МО «ҚАРЛЫҒАШ»БАЛАБАҚШАСЫ» РМК-нің
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ



ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ЖЕТЕКШІНІҢ Т.А.Ж. ПЕДАГОГТЕР 
ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
1 Каратэ
секциясы
Аршкенов
Талгат
Қадырұлы
Каратэ федерациясының жаттықтырушысы. Қазақстан Республикасының каратэ спорт шебері.III-данның қара белбеу иеленушісі.
Еңбек өтілі -26 жыл.
2 Көркем-эстетикалық гимнастика студиясы Мукашева           Жадыра           Қалмағанбетқызы Көркем-эстетикалық гимнастика федерациясыныңжаттықтырушысы. Халықаралық жарыстар және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының қатысушысы.
Еңбек өтілі - 4 жыл.
3 Шахмат
студиясы
Манкеев
Роулан
Бауржанович
«Интеллектуал» шахмат мектебінің жаттықтырушысы. Шахмат бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы.
Жұмыс өтілі - 9 жыл.
4 Шығармашылық дамустудиясы Төлеубаева
Алтыншаш
Каирболатқызы
Өнертану бакалавры. Қалалық, халықаралық көрмелер және байқаулар лауреаты, жеңімпазы.
Еңбек өтілі – 4 жыл.
5 Ағылшын
тілі курсы
Кемелова
Айгерим
Наградқызы
Бакалавр академиялық дәрежесі иегері.
Ағылшын тілі мұғалімі.
Еңбек өтілі - 5 жыл.
6 Психологтың жеке кеңесі Төлеген
Айман
Оралбаевна
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты педагог-психолог.
Еңбек өтілі - 22 жыл.
Фотогалерея
1.jpg 2.JPG 2.JPG 3.JPG 4.JPG 5.JPG 6.JPG 7.JPG 8.JPG 9.JPG 10.JPG 11.JPG 12.JPG 13.jpg 14.jpeg 15.jpg 16.JPG
Бос орындар
Байланыстар

Мекен-жайы:
№ 1 нысан: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мəңгілік Ел даңғ., 33
№ 2 нысан: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы,  Шұбар ш.а., Жауқазын көш., 6
№ 3 нысан: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы,  Мəңгілік Ел даңғ., 82

Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 27 17 99
Факс: +7 (7172) 27 17 26
Электрондық поштасы:  karlygash_mcudp.rk@mail.ru
Сайт:  https://karlygash.kz/


№ 1 объект  – Мəңгілік Ел даңғ., 33


№ 2 объект  – Шұбар ш.а., Жауқазын көш., 6


№ 3 объект  – Мəңгілік Ел даңғ., 82

Возврат к списку