ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК, Астана қ.

  • 1

    Директор - Абдуллина Гүлнәр Қазизқызы

    Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi      

    Құрметті сайтқа кірушілер, әріптестер және достар!

       Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №2156 қаулысына сәйкес құрылды. Кәсіпорындағы тәрбиелеу-білім беру процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 23 ттамыздағы № 1080 Қаулысымен  бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласындағы ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.Кәсіпорынның құрамына  240 және 160 орындық екі балабақша нысандары кіреді, жалпы топтар саны – 19. Кәсіпорындағы білім беру процесі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіліп,  ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді. 2017 жылдың ақпан айында Кәсіпорын мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті.

        Балабақша жұмысының режимі - 12 сағаттық. Жұмыс аптасы бескүндік. Балаларға 5 рет тамақтану  ұйымдастырылған.Ұйымдастырылған оқу қызметі ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы» арқылы іске асырылып жатыр.

        Балалардың толыққанды физикалық дамуы және олардың қозғалыс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін материалдық-техникалық база құрылды. Әр объектіде балалардың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту мен сақтауға арналған жағдай жасалған. Жүзу бассейндері, сауна,  балалардың физикалық және шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына арналған спорттық залдар, конференц-зал, оқу кабинеттері, фитобарлар, психолог мен логопедтердің кабинеттері заманауи талаптарға сай жабдықталған.

        Балабақшада инновациялық технологияларды қолдану және балалардың танымдық-коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында 2010 жылдан бастап  мультимедиалық бағдарламалық-әдістемелік кешен – мультитілдік зияткерлік орталық (МЗО, Израиль) қолданылады. 2013 жылдан бері  Халықаралық тілдік ортаға ену әдістемесі енгізілді. 2016 жылы В.В. Воскобовичтің дамытушы ойындары балабақшаның барлық күн режиміне қолданылуда.

        Балалардың жеке және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында, балабақшада Қосымша ақылы білім беру қызметтері ұсынылады.
  • ҚР ПІБ МО «ҚАРЛЫҒАШ»БАЛАБАҚШАСЫ» РМК-нің
    2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНА ҰСЫНЫЛҒАН                                      
    ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ




    ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ЖЕТЕКШІНІҢ Т.А.Ж. ПЕДАГОГТЕР
    ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

    1

    Каратэ
    секциясы

    Аршкенов
    Талгат
    Қадырұлы
    Каратэ федерациясының жаттықтырушысы. Қазақстан Республикасының каратэ спорт шебері.III -данның қара белбеу иеленушісі. Еңбек өтілі -25 жыл.
    2 Теннис
    секциясы
    Асхатова Гүлназ
    Төлеубайқызы
    Дене шынықтыру және спорт бакалавры. Еңбек өтілі- 9 жыл.
    3

    Көркем-эстетикалық гимнастика студиясы Мукашева           Жадыра           Қалмағанбетқызы Көркем-эстетикалық гимнастика федерациясының жаттықтырушысы. Халықаралық жарыстар және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының қатысушысы. Еңбек өтілі - 3 жыл.
    4

    Шахмат
    студиясы
    Манкеев
    Роулан
    Бауржанович
    «Интеллектуал» шахмат мектебінің жаттықтырушысы. Шахмат бойынша Қазақстан Республикасының   чемпионы. Жұмыс өтілі - 8 жыл.
    5

    «Көңілді қарындаш»
    сурет салу студиясы

    Төлеубаева
    Алтыншаш
    Каирболатқызы
    Өнертану бакалавры. Қалалық, халықаралық көрмелер және байқаулар лауреаты, жеңімпазы. Еңбек өтілі – 3 жыл.
    6 окал
    студиясы

    Каримов
    Еркиндос
    Балғабаевич
    Құрманғазы атындағы Алматы Консерваториясының түлегі. Сазгер, әнші Н.Тілендиев, А.Қоразбаевтың шәкірті. Республикалық «Жас қанат» байқауының дипломанты, Халық-аралық «Шабыт» байқауының лауреаты. Еңбек өтілі - 19 жыл.
    7

    Менталды арифметика курсы Канапина
    Зибагуль
    Едильбаевна
    «ISMA» KAZAKHSTAN Халықаралық менталды арифметика мектебінің  нұсқаушысы. Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі. 2015-2016 жылындағы оқушылары - Республикалық менталды арифметика олимпиадасының жеңімпаздары. Еңбек өтілі - 5 жыл.
    8

    Ағылшын                   тілі курсы Кемелова
    Айгерим
    Наградқызы
    Бакалавр академиялық дәрежесі иегері.

    Ағылшын тілі мұғалімі. Еңбек өтілі - 4 жыл.
    9 Психологтың жеке кеңесі Төлеген
    Айман
    Оралбаевна
    Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты педагог- психолог. Еңбек   өтілі - 21 жыл.


  • Мекен-жайы:
    Нысан-І: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор 33, ҚР ПІБ МО «Қарлығаш-1» РМК
    Нысан-ІІ: Астана қаласы, «Шұбар» шағын ауданы, Жауқазын 6, «Қарлығаш-2»
    Қабылдау бөлмесі: 8(7172) 54-67-14
    Факс: 8(7172)54-67-10
    Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
    Сайт: www.mcudprk.kz



Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты