Жіті ішек инфекциялары

04.06.18

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы  ЕСКЕРТЕДІ!!!

Жаз мезгілі басталуымен жіті ішек ауруларға шалдығу қаупі жоғарлайды. Дәл осы уақытта қоздырғыштардың сыртқы ортада сақталуы және олардың азық-түліктерде және суда көбеюуі үшін қолайлы жағдайлар қалыптасады.

Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – бұл жіті инфекциялық аурулардың көп сандық тобы көбінесе асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын түрлі микроорганизмдермен, қарапайымдар, бактериялармен, вирустармен туындайды.

Ішек инфекциялары, соның ішінде барлық инфекциялық аурулар патологиясы арасында екінші орынды алып отырған, кеңінен таралған энтеровирустық инфекция болып табылады.

Жіті ішек және энтеровирустық инфекциялары қалай жұғады:

  • Инфекция қоздырғыштары адам ағзасына тағаммен, сумен, кішкентай балаларда ойыншықтар мен кір қол арқылы кіреді.
  • Тамақ өнімдерінің ластануы ас дайындау, тамақ өнімдерін дайындау және термиялық өңдеу кезінде жеке бас гигиенасының (қолды жуу) ережелерін бұзу нәтижесінде орын алуы мүмкін. Тез бұзылатын азық-түлік өнімдері, сондай-ақ термиялық өңдеусіз дайындалатын және суық күйінде қабылданатын тағамдар өте қауіпті, оларда қоздырғыштары жиналып қоймай және көбеюі мүмкін.

Ауру қалай байқалады?

  • Ағзаға ішек инфекциясы қоздырғышы енгеннен кейін ауру бірден байқалмайды. Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 2-7 күнге дейін созылады.
  • Науқастың дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, жүректің айнуы, тәбетінің болмауы, іштің ауруы, құсу, жиі сұйық нәжіс болады.
  • Энтеровирустық инфекция серрозды менингиттер (бастың ауруы, құсу), миалгиялар (бұлшықеттердің ауруы), герпетикалық ангина (жұтқыншақтың артқы қабырғасында және таңдайда везикулалар), респираторлық және асқазан-ішек бұзылуы, сонымен қатар қызба аурулары түрінде байқалады.

Ішек және энтеровирустық инфекцияларды алдын алу мақсатында мыналарды ұстану қажет:

  • үйге оралғанда, ас әзірлеу кезінде және тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін уақтылы және мұқият қолды сабынмен жуу;
  • тек жаңа піскен өнімдерді қолданып, ет, балық, жұмыртқаны жақсылап пісіру;
  • тағамдарды турау үшін (шикі және пісірілген көкөністер, ет) жеке арнайы бөлшектеу тақтайлары мен пышақтар пайдаланылады;
  • азық-түлік өнімдерін дұрыс сақтауға (тоңазытқышта), және егер дайындалған тағам келесі күні қалса, онда пайдаланар алдында оларды қажет термиялық өңдеуден откізу қажет;
  • тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта рұқсат етілген мерзім шегінде сақтау;
  • ішуге қайнатылған су, сапасы кепілдендірілген бөтелкедегі суды ішу, сүтті тек қайнағаннан соң ішу, көкөністер мен жеміс-жидектерді, аскөкті, ағынды сумен мұқият жуып, соңынан қайнаған сумен шаю;
  • азық-түлікті кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат берілмеген сауда орындарынан сатып алмаңыз;
  • арнайы бөлінген орындарда шомылыңыз.
  • Просмотров: 223

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты