Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру

18.01.18

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында 2018 жылғы 17 қаңтарда жиналыс өткізді. Жиналысқа Медициналық орталықтың мемлекеттік қызметшілері мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының басшылары қатысты.

Медициналық орталық басшысының орынбасары А.Ғ. Төлеғалиева Жолдауда көзделгендей Қазақстанның жаңа әлемнің көшбасшылығына кіруі жөніндегі он міндетпен таныстырып шықты, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директоры Ә.А. Ахетов жетінші міндеттегі «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» бөлігіне баса көңіл аударса, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер» АҚ президенті С.А. Қайыргелдина цифрландыру мен адами капиталдың маңыздылығына тоқталды, ал Жолдаудағы сегізінші және тоғызыншы «Тиімді мемлекеттік басқару» мен «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» туралы міндеттерді Медициналық орталықтың әкімшілік-құқықтық басқармасының басшысы Ж.Б. Орман түсіндіріп өтті.

Жиналыс қорытындысы бойынша Жолдауды іске асыру үшін бірқатар іс-шаралар айқындалып, тиісті ұсыныстар енгізілді.

  • Просмотров: 443

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты