Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Астананың 20 жылдығына» орай Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған «Абай оқулары» салтанатты іс-ша

16.03.18

2018 жылғы 16 наурызда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Астананың 20 жылдығына» орай Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған «Абай оқулары» салтанатты іс-шарасын өткізді.

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.06
​Іс-шараның басты мақсаты Елбасының ғаламдық бастамаларының бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық-имидждік қолдау және ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, аудармашы – Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасына қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық жастарды әдебиеттің тереңдігіне баулу, этникалық өкілдерді қазақ тіліне, әдебиеті мен мәдениетіне ынталандыру, қазақ тілінің көркемдік ерекшеліктерін, бай сөздік қорын Абайдың шығармашылығы арқылы насихаттау жолымен еліміздің рухани бірлігін нығайту.
​Іс-шара бағдарламасының аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ведомстволық қарасты ұйымдарының арасында Абайдың қазақ шығармаларын, оның ішінде өлеңдері мен қара сөздерін қазақ және шетел тілдерінде оқу арқылы қазақ мәдениетін, ғылымы мен тарихын білуге шақыратын байқау өтті.
​Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының басшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен басқа да тұлғалар келді.

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.08 1

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.08 2

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.08

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.09 1

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.09

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.10

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.11 1

 

 

  • Просмотров: 313

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты