Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы, профессор - Валерий Васильевич Бенберинге және қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығы беріл

07.12.17

Руководитель МЦ УДП РК

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 қарашадағы №592 Жарлығымен «Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми дәлелденген әдістері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

    «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Валерий Васильевич Бенберинге;

   «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы – Әмір Амантайұлы Ахетовке;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Александр Евгеньевич Гуляевке;

    «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің бас консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмәділовке;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы – Алмагүл Рахымберліқызы Құшұғұловаға;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Талғат Сейітжанұлы Нұрғожинға;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кеңесшісі, бас маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Ертай Қожахметұлы Сәрсебековке;

«Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамы бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Гүлнұр Зейнелқызы Танбаеваға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы мен Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының ғалымдар ұжымы 2005 жылдан басталған терең ғылыми зерттеулері негізінде дүниежүзінде алғаш рет Белсенді және сапалы ұзақ өмір сүру кезеңінің жаңа парадигмасын дәлелдеді және қалыптастырды.

Көп жылғы зерттеулер нәтижесінде авторлар ұжымы ТМД-да алғаш рет медицина ғылымы мен практикалық денсаулық сақтаудың жаңа бағыты – медициналық геронтотехнология мен геронтоинжинирингінің іргелі негізін қалады.

  • Просмотров: 628

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты