Жаңалықтар

Президенттік клиника роботтандырылған хирургия жобасын іске қосуға дайындалуда
08.08.2018

2

1

Американдық беделді хирург әлемдегі ең алғашқы болып роботтандырылған қондырғыны қолдана отырып операция жасауды бастады және, бүгінгі таңда жеті мыңнан астам операция жасады. Астанада доктор Самади жаңа мәртебеде ұшып келді: Президенттік клиника дәрігерлеріне кеңес беріп, олардың жұмыс орындарында әріптестеріне жаңа технологияны меңгеруге көмектеседі.

«Ең бастысы, медицинада роботтардың пайда болуымен, орындалған операциялардың дәлдігі жақсарды, әсіресе онкологиялық ауруларды емдеуде. Қазір біз байқаймыз, дәлірек айтқанда: пациенттерге химиотерапияның және басқа зерттеулердің қосымша кезеңдерінен өтудің қажеті жоқ. Көптеген маңызды жұмыстар күтіп тұр, сондықтан мен аурухананың дәрігерлеріне роботпен жұмыс істеу дағдыларын жақсартуға көмектесу үшін келдім. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз, өйткені бұл клиникада табыстың барлық элементтері бар және мен осында жұмыс істейтінімді мақтан етемін» - дейді профессор Давид Самади.

Президенттік клиникада робот-хирургті қолданатын алғашқы операцияларды биылғы жылы бастауды жоспарлап отыр.

1

«Кішкентай балалар – үлкен таланттар» тақырыбына ашық көріністер
18.05.2018

«Қарлығаш» балабақшасы» РМК-да «Кішкентай балалар – үлкен талаптар» тақырыбына қосымша білім сабақтарына қорытындылау негізінде ашық көріністер өткізілді.

1

Бұл байқауда әдіскер, қосымша студиялар/секциялар жетекшісі, тәрбиешілер, даярлық топтың балалары мен ата-аналары қатысты.

1

Көрініс аясында келесі шаралар ұйымдастырылды:

  1. Каратэ секциясы. Каратэ бойынша мини – чемпионат.
  2. Эстетикалық және көркем гимнастика студиясы " Сиқырлы ел– көркем гимнастика" жаттықтыру сабақтары.
  3. Шахмат студиясы. Шахмат бойынша мини-турнир.
  4. Шығармашылық дамыту студиясы. Дәстүрлі емес техникасын пайдаланып сурет салу студиясы
  5. Ағылшын тілі курсы. Интеллектуалды ойын "Брейн-ринг".
  6. Би студиясы «Хип-хоп».

1

1

Мерекенің нәтижесінде турнир қатысушылары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі «Ерлікпен жеңіске» грамоталарымен және медальдармен марапатталды.

Мерекенің өткізілуі мақсаты балалардың шығармашылық, физикалық қабілеттерін дамыту, шеберлікті арттыру, дағдылар мен іскерліктерін бекіту болып табылады.Жеңіске деген құштарлықты тәрбиелеу. Ата-аналармен кері байланыс орнату.

«Алғашқы гүлдер» атты шығармалылық жұмыстардың халықаралық байқауы
10.05.2018

 

1

«Қарлығаш» балабақшасы» РМК әдіскері, «Шағармашылықты дамыту» студияның жетекшісі және тәрбиешілері «Алғашқы гүлдер» атты шығармалылық жұмыстардың халықаралық байқауына қатысты.

Бұл қашықтық байқауға балалар мен педагогтердің алғашқы көктем гулдері туралы өлеңдері және алғашқы гүлдер (қағаздан, ермексаздан және басқа да материалдардан) бейнелерін, гүлдеп тұрған көктем гүлдерінің фотосуреттері қабылданды.

Қатысушылық жұмыстар сараптамалық бағалаудан өтіп, порталға дарияланды.

Байқау нәтижесі бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

  1. Нұрислам – Күнім-ай тобы, І орын - диплом.
  2. Жоламан Аида – Күнім-ай тобы, І орын - диплом.
  3. Жиренше Айсана – Күнім-ай тобы, І орын - диплом.
  4. Салтыбаева Айгуль – Күнім-ай тобы, І орын - диплом.
  5. Егизбаева Дарина – Күнім-ай тобы, І орын - диплом.

Осы байқаудың мақсаты балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту, балаларды және белсенді педагокгерді мадақтау болып табылады.

Ардагерлерді ардақтайық!
04.05.2018

«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының «Медициналық орталық» бастауыш партия ұйымы мүшелері тыл еңбеккері, зейнеткер Аршагүл Наурызбаеваға үнемі көмектесіп, қолдау көрсетіп тұрады. 2018 жылғы 4 мамырда «Медициналық орталық» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында Жеңіс меркесіне орай Аршагүл апаны құттықтап, хал-жағдайын біліп, қажетті азық-түлігін алып берді.

3

2

Сонау Ұлы Отан соғысының зардабы кім-кімді де есеңгіретіп тастағаны баршаға мәлім. Дей тұрғанмен, елдің әл-ауқатын көтеру үшін соғыстан аман-оралған жандар да, тыл еңбеккерлері де, оның ішінде жасы мен жасамысы да аянып қалмай, тер төгіп, еңбек етті. Аршагүл апа да жастайынан еңбекке араласып, колхозда көп жыл еңбектенген, кейін сатушы болып жұмыс істеген. «Тағдыр басқа салса, көнбеске амал болмайды екен» - деп сөз ала отырып, арыстай үш азаматынан айырылғанын, орны толмас қайғыны бастан өткерген қиын кезеңдерін көзіне жас алып еске алды. Біздің құттықтауымызды аса ықыласпен қабылдап, «НұрОтан» партиясының бастамасына және ҚР ПІБ Медициналық орталық жүйесінің басшылары мен партия мүшелеріне өз алғысын білдірді. Сол кезде тылда еңбек еткен ардагер және зейнеткер анамыз Аршагүл Наурызбаева бүгінде 70 жаста.

4

1

Аршагүл анамызға ешқашан қартаймаңыз, ауырмаңыз, ұзақ өмір сүріңіз деген лебіз-тілектерімізді айтып, кездескенше күн жақсы деп қоштастық. Ардагер әрі еңбеккер ата-әжелерімізді ардақтайық, ұмытпайық, әрқашан қамқор болайық!

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Астананың 20 жылдығына» орай Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған «Абай оқулары» салтанатты іс-ша
16.03.2018

2018 жылғы 16 наурызда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Астананың 20 жылдығына» орай Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған «Абай оқулары» салтанатты іс-шарасын өткізді.

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.06
​Іс-шараның басты мақсаты Елбасының ғаламдық бастамаларының бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық-имидждік қолдау және ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, аудармашы – Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасына қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық жастарды әдебиеттің тереңдігіне баулу, этникалық өкілдерді қазақ тіліне, әдебиеті мен мәдениетіне ынталандыру, қазақ тілінің көркемдік ерекшеліктерін, бай сөздік қорын Абайдың шығармашылығы арқылы насихаттау жолымен еліміздің рухани бірлігін нығайту.
​Іс-шара бағдарламасының аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ведомстволық қарасты ұйымдарының арасында Абайдың қазақ шығармаларын, оның ішінде өлеңдері мен қара сөздерін қазақ және шетел тілдерінде оқу арқылы қазақ мәдениетін, ғылымы мен тарихын білуге шақыратын байқау өтті.
​Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының басшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен басқа да тұлғалар келді.

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.08 1

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.08 2

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.08

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.09 1

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.09

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.10

WhatsApp Image 2018-03-17 at 12.56.11 1

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы, профессор - Валерий Васильевич Бенберинге және қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығы беріл
07.12.2017

Руководитель МЦ УДП РК

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 қарашадағы №592 Жарлығымен «Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми дәлелденген әдістері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

    «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Валерий Васильевич Бенберинге;

   «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы – Әмір Амантайұлы Ахетовке;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Александр Евгеньевич Гуляевке;

    «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің бас консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмәділовке;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы – Алмагүл Рахымберліқызы Құшұғұловаға;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Талғат Сейітжанұлы Нұрғожинға;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кеңесшісі, бас маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Ертай Қожахметұлы Сәрсебековке;

«Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамы бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Гүлнұр Зейнелқызы Танбаеваға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы мен Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының ғалымдар ұжымы 2005 жылдан басталған терең ғылыми зерттеулері негізінде дүниежүзінде алғаш рет Белсенді және сапалы ұзақ өмір сүру кезеңінің жаңа парадигмасын дәлелдеді және қалыптастырды.

Көп жылғы зерттеулер нәтижесінде авторлар ұжымы ТМД-да алғаш рет медицина ғылымы мен практикалық денсаулық сақтаудың жаңа бағыты – медициналық геронтотехнология мен геронтоинжинирингінің іргелі негізін қалады.

«Астана-Гастро 2017» XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
21.11.2017

1
    Астана қаласында 2017 жылғы 23 – 24 қарашада «Ramada Plaza» қонақ үйінде «Астана-Гастро 2017» XII халықаралық ғылыми-практикалық  конференциясы өтеді.

    Аталған іс-шараға таяу және алыс шет елдерден келетін жетекші мамандардың қатысуы күтілуде, олармен бірлесіп ас қорыту органдарының обыралды ауруларын және обырын ерте анықтау мен алдын алу бойынша өзекті мәселелерді қарастыру жоспарлануда.

    Конференцияға қатысуға басшылар, дәрігерлер-онкологтер, гастроэнтерологтер, химиотерапевтер, радиологтар, эндоскопистер, цитологтер, радиологтер, сәулелік диагностика дәрігерлерін, балалар онкологтерін шақырамыз.

    Жарияланымдар мен конференцияға қатысу тегін.

Өткізу орны: Астана қаласы «Ramada Plaza» қонақ үйі.

Өткізу күні мен уақыты:
2017 жылғы 23 -24 қараша  
Сағат 09:15 – 18:30.

Байланыс телефоны: 8 7172 74 94 42

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бильярдтан жыл сайынғы турнирі
02.10.2017

4

    2017 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволық және ведомстволық қарасты ұйымдарының арасында бильярд турнирін өткізді.

2

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының құрама командасын «Оқжетпес» ЕСК» АҚ қызметкерлері Өміржанов Ербол Ибрагимұлы мен Пронин Евгений Алексеевич және «ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы»  РМК қызметкері Буксиков Биғали Қанатұлы таныстырды.

1

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының командасы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК командасына есе жіберіп, лайықты 2-ші орынға ие болса, «Қараөткел» РМК  3 орынды қанағат тұтты.

3

Қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Баланы мектепке дайындаймыз!
21.08.2017

1

    Жаңа оқу жылы қарсанында Тұңғыш Президент Музейінде «Медициналық орталық» бастауыш партия ұйымының мүшелері төрт көпбалалы отбасының балаларына оқушы рюкзактары мен кеңсе заттарын салтанатты тарту етті. Осы іс-шара «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы - Бақытты балалық шақ» - «Счастливая семья - Счастливое детство» атты жобасын және «Баланы мектепке дайындаймыз»  қайырымдылық акциясын іске асыру аясында өткізілді.  

    «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Ч.Ш. Қожахметов және Тұңғыш Президент Музейі директорының орынбасары А.М. Рахымжанов балалар мен олардың ата-аналарын құттықтады. Балалар және олардың ата-аналары  «Нұр Отан» партиясына алғысын айтты. Іс-шара Музейге экскурсиямен аяқталды.

«Балаларды қорғау күні» құтты болсын!
01.06.2017

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалымен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің №2 «Оңалту орталығы» ММ-ның және көпбалалы отбасылардың балаларын құттықтады.

5

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, сонымен бірге «Бақытты балалық» - «Счастливое детство» жобасын іске асыру шеңберінде «Медициналық орталық» пен «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» бастауыш партиялық ұйымдарының партия мүшелері Оңалту орталығының және көпбалалы отбасылардың балаларын құттықтады.

4

3

Балаларға жүрекжарды тілектермен бірге дамытатын ойыншықтар сыйланды және тәттілер үлестірілді.  

1

Оңалту орталығының балалары шағын сахналық қойылым көрсетті, ән салып би биледі, өлең оқыды.

2

Оңалту орталығының басшысы мен кішкентай пациенттердің ата-аналары Медициналық орталықтың басшылығына және «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалына көрсеткен қамқорлықтары және балаларға деген көңілдері үшін алғыстарын білдірді.
 
Сонымен қатар, көпбалалы отбасылар, яғни жалғыз өздері алты бала тәрбиелеп отырған Айнұр Алтыбаеваның және Гүлбахыт Нұржанованың балаларына да кітаптар мен дамыту құралдары, ойыншықтар және азық-түлік сыйға тартылды. Қуаныш пен шаттыққа бөленген ата-аналар мен балалар алғыстарын білдірді. 

7

6

8

Жіті ішек инфекциялары
04.06.2018

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы  ЕСКЕРТЕДІ!!!

Жаз мезгілі басталуымен жіті ішек ауруларға шалдығу қаупі жоғарлайды. Дәл осы уақытта қоздырғыштардың сыртқы ортада сақталуы және олардың азық-түліктерде және суда көбеюуі үшін қолайлы жағдайлар қалыптасады.

Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – бұл жіті инфекциялық аурулардың көп сандық тобы көбінесе асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын түрлі микроорганизмдермен, қарапайымдар, бактериялармен, вирустармен туындайды.

Ішек инфекциялары, соның ішінде барлық инфекциялық аурулар патологиясы арасында екінші орынды алып отырған, кеңінен таралған энтеровирустық инфекция болып табылады.

Жіті ішек және энтеровирустық инфекциялары қалай жұғады:

  • Инфекция қоздырғыштары адам ағзасына тағаммен, сумен, кішкентай балаларда ойыншықтар мен кір қол арқылы кіреді.
  • Тамақ өнімдерінің ластануы ас дайындау, тамақ өнімдерін дайындау және термиялық өңдеу кезінде жеке бас гигиенасының (қолды жуу) ережелерін бұзу нәтижесінде орын алуы мүмкін. Тез бұзылатын азық-түлік өнімдері, сондай-ақ термиялық өңдеусіз дайындалатын және суық күйінде қабылданатын тағамдар өте қауіпті, оларда қоздырғыштары жиналып қоймай және көбеюі мүмкін.

Ауру қалай байқалады?

  • Ағзаға ішек инфекциясы қоздырғышы енгеннен кейін ауру бірден байқалмайды. Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 2-7 күнге дейін созылады.
  • Науқастың дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, жүректің айнуы, тәбетінің болмауы, іштің ауруы, құсу, жиі сұйық нәжіс болады.
  • Энтеровирустық инфекция серрозды менингиттер (бастың ауруы, құсу), миалгиялар (бұлшықеттердің ауруы), герпетикалық ангина (жұтқыншақтың артқы қабырғасында және таңдайда везикулалар), респираторлық және асқазан-ішек бұзылуы, сонымен қатар қызба аурулары түрінде байқалады.

Ішек және энтеровирустық инфекцияларды алдын алу мақсатында мыналарды ұстану қажет:

  • үйге оралғанда, ас әзірлеу кезінде және тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін уақтылы және мұқият қолды сабынмен жуу;
  • тек жаңа піскен өнімдерді қолданып, ет, балық, жұмыртқаны жақсылап пісіру;
  • тағамдарды турау үшін (шикі және пісірілген көкөністер, ет) жеке арнайы бөлшектеу тақтайлары мен пышақтар пайдаланылады;
  • азық-түлік өнімдерін дұрыс сақтауға (тоңазытқышта), және егер дайындалған тағам келесі күні қалса, онда пайдаланар алдында оларды қажет термиялық өңдеуден откізу қажет;
  • тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта рұқсат етілген мерзім шегінде сақтау;
  • ішуге қайнатылған су, сапасы кепілдендірілген бөтелкедегі суды ішу, сүтті тек қайнағаннан соң ішу, көкөністер мен жеміс-жидектерді, аскөкті, ағынды сумен мұқият жуып, соңынан қайнаған сумен шаю;
  • азық-түлікті кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат берілмеген сауда орындарынан сатып алмаңыз;
  • арнайы бөлінген орындарда шомылыңыз.
«Қызыл кітап, балалардың көзімен» атты Халықаралық экологиялық байқауға қатысу
13.05.2018

1

«Қарлығаш» балабақшасы» РМК «Қызыл кітап, балалардың көзімен» атты Халықаралық экологиялық байқауға қатысты.

Бұл байқауға қатысу интернет арқылы болды. Осы қашықтық байқауға сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың суреттері, сирек кездесетін жануарлардың бейнелері мен аппликациялары, жойылып бара жатқан (Ресей және басқа елдердің Қызыл кітабына енеген) жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы презентациялар қабылданды.

Қатысушылардың жұмыстары сараптамалық бағалаудан өтіп порталды жарияланды.

Байқау нәтижесінде балақша тәрбиеленуші Жанбатыров Мардан І орынға ие болып жеңімпаз дипломымен марапатталды,Жексембин Айдар, Кусаинова Амира және Алтай Айлин ІІ орын иегерлері болып жеңімпаз дипломдарымен марапатталды.

Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың өсімдік пен жануар әлемінің әртүрлілігінің қысқартылуы мәселесі қатынасына белсенді өмірлік позициясын және экологиялық мәдениетін қалыптастыру,қоршаған орта мәселелеріне көңіл аударту.

Жеңіс күні және Отан қорғаушылар Күніне арналған «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» атты мерекелік шара
07.05.2018

1

РМК "Қарлығаш "балабақшасы" базасында Жеңіс Күніне және Отан қорғаушылар Күніне арналған "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды". атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тәрбиешілер слайдтар арқылы балаларға тақырыптық әңгімелер кезінде келесі ҰОС кейіпкерлерімен таныстыру Бауржан Момышұлы, Әлия Молдагулова, Мәншүк Маметова, Рахымжан Кошкарбаев, Талгат Бигельдинов және т. б. өткізілді. Сонымен қатар осы күнгі Отан қорғаушылары, шекарашылары және басқа да армияның өкілдері: теңізшілер, десантшылар, танкисттер және т. б. ұсынылған.

Бұл мерекелік шараның басты мақсаты ҰОС батырлары туралы және Жеңіс Күні туралы білімдерін көтеру болып табылады.Әртүрлі әскери өкілдері туралы білімді қалыптастыру. Елді қорғаған батырларға деген құрметтеуді тәрбиелеу.

1

Демалушылардың бос уақытына арналған бильярд бойынша турнир
01.05.2018

 

1

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ демалушылар арасында бильярд бойынша турнир ұйымдастырылды.

Жарыс барысында ойыншылар бильярдың ең танымал түрі пирамида ойынында өздерін сынады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар граматолармен марапатталды. Осындай спорттық іс-шаралар «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-да сервисті жақсарту және сапалы демалысты қалыптастыру, спортты дамыту және салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында өткізіледі.

Егемен Казахстан», Айкын, baq.kz , inform.kz - Астанада жаңа үлгідегі балабақша ашылды
26.01.2018

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының жаңа үлгідегі балабақшасы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республиксының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Іс Басқармасының басшылығы қатысты.

1

Мектепке дейінгі мекеме 350 орынға көзделген. Балалардың мекетепке дейінгі білім алуы үшін барлық жағдай жасалған – музыкалық және екі спорттық зал, хореография залы, балалардың интеллектуалды дамуына арналған оқу бөлмелері және ертеңгіліктер мен спектакльдерді өткізуге арналған мәжіліс залы.

Жаңа балабақшаның медициналық аймағы мектепке дейінгі ұйымдарға талап етілетін санитарлық нормалардың барлық талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Мұнда физиокабинет және массаж бөлмесі, ата-аналарды қабылдау аймағы орналасқан. Балалар сауықтыру және медициналық қызметтерді алып тұрады – фитотерапияны, сауықтыру және жалпы әлдендіретін массаж, «денсаулық жолында» табан акупрессурасын, емдік дене шынықтыруды.

2

Балабақшада жоғары білікті ұстаздар жұмыс істейді. Оқу-тәрбие барысы қазақ және орыс тілінде ағылшын тілінде ауызша сөйлеу тілін қосымша үйретумен бірге жүргізіледі.

Балабақша жаңа үлгісінің интерактивтік ортасы тәрбиеленушілерді оқыту барысын ұйымдастырудағы әдістердің әртүрлігін, олардың барынша көп пайдалы дағдылар мен икемдерді үйренуін қамтамасыз етеді.

3

Білім алу барысына әлемнің ең үздік оқыту технологиялары біріктірілген – МИЦ интерактивтік технологиясы (Израиль), мақсатты тілге тереңдеу әдістемесі (Канада, Эстония), В.В.Воскобовичтің дамытушы ойындары (Ресей), М.Монтессори педагогика жүйесінің элементтері. Снымен бірге асық терапия мен қамыр пластикасын, графикалық модельдеу әдісін, роботты техниканың бастапқы негіздерін қолдану жоспарлануда.

4

Интерактивтік технологиялар бөлмесі балалар үшін ерекше қызық әрі өзекті. Бұл бөлмеде «ақылды» интерактивтік еден орнатылған. Қазіргі заманғы сандық және проекциялық технологиялардың үйлесуі интерьер мен еденді түбегейлі жандандыртуға мүмкіндік береді. Аталған технология кіріктірме ойын тапсырмаларын бейімдеуге және өзінің тапсырмаларын жасауға мүмкіндік береді. Едендегі тамаша жаттықтыратын бейне ойындар ойын тапсырмаларына бірнеше баларлардың қатысуына мүмкіндік береді. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауаптарға басу арқылы немесе ойынның нақты түріне байланысты ойын аймағында кез келген басқа қимылдарды басқару арқылы жауап беруге болады. Интерактивтік тақталарды және интерактивтік құмсалғыштарды; құммен және сумен ойнауға арналған ванналарды қолдану жоспарланып отыр.

5

Балабақша аумағында үлгілік мектепке дейінгі мекемелерге қарағанда баларлардың серуендеуіне арналған топтық алаңшалардан басқа демалыс орны және серуендеу ауласы, сондай-ақ спортпен шұғылдануға, Жол жүру ережелерін зерттеуге арналған арнайы алаңшалар мен велосипед жолы бар.

Сырттан келген келушілер мен тәрбиеленушілер ата-аналарының интерактивтік панель арқылы ақпаратты жедел алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар ғимарат холлында баларлар мен олардың ата-аналары үшін қабырғасында интерактивтік сарқырамасы бар демалыс және релаксация орны жасалған.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні
30.11.2017

1

Құрметті әріптестер!

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Қазақстанның барлық халқына маңызды мереке. Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық келісімі тұрақты қалыптасқан, қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында өзгерістерге жеткен, едәуір дамып жатқан экономикасы, білімі және мәдениеті бар мемлекет.  Осы жетістіктердің барлығы Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Сондықтан,  бұл күн Елбасының гүлдену мен ілгерілеу жолында халықпен тікелей тұтастығын білдіреді. Елбасының халықтың алдындағы жеке жауапкершілік факторы біздің еліміздің маңызды жетістіктерін – бірлік, тұрақтылық пен нық дамуын алдын ала белгіледі.

    Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан ішкі және сыртқы сарабдал саясат қарқынды дамып жатқан мемлекеттің құрылуын қамтамасыз етті.

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және отбасыларыңызға бейбіт өмір, амандық пен бақ-береке тілеймін. Отанымыз Қазақстан әрқашан гүлдене берсін!

«Оқжетпес» шипажайы  «Уақытыңды жоғалтпа» акциясын өткізуде!
30.10.2017

1

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының «Оқжетпес» шипажайы  «Уақытыңды жоғалтпа» акциясын өткізуде және қарашаның 10% жеңілдіктерін ұсынуда!

    Акция  2017 жылғы 13 қарашадан 29 қарашаға дейін екінші класты Люкс нөмірлер үшін қолданылады. Осы акциямен жеңілдік алу үшін 5 күн немесе одан көп мерзімге 2017 жылғы 27 қазаннан 13 қарашаға дейін тапсырыс беру қажет.

    Акция бағасына: тұру, тамақтану, емдеу ақысы және бос уақыт өткізу кіреді.

    Сіз әлі қысқа дайын емессіз бе? Онда Сізге «Оқжетпеске» келу керек! Қарашаның жылытатын жеңілдіктер тек мұнда ғана!

Денсаулығыңызды жақсарту және күш-қуат алу үшін бизге шақырамыз!

Қосымша ақпаратты  мына телефондар арқылы алуға болады:
+7 (716 36) 7-52-11, +7 (716 36) 7-81-01;
және сайтымыздан www.okzhetpes-esk.kz

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі құтты болсын!
22.09.2017

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында (бұдан әрі – Медициналық орталық) Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесі аясында 2017 жылғы 20 қыркүйекте «Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді дамытудың жаңа әдістері мен жолдары және латын әліпбиіне өту мәселелері» тақырыбында семинар өтті.  Аталған семинарға Медициналық орталықтың басшылығы мен қызметкерлері және ведомстволық қарасты ұйымдардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары, кадр, заң және құжаттама қызметтерінің басшылары, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мамандар қатысты.

2

    Іс-шараның мақсаты, біріншіден, Қазақстан халқының тілдерін сақтау мен дамыту арқылы патриоттыққа, бірлік пен толеранттылыққа шақыру, екіншіден, Медициналық орталық пен оның ведомстволық қарасты ұйымдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің жаңа әдістері мен жолдарын қарастыру және латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша пікірлесу.

    Медициналық орталық басшысының міндетін атқарушы Төлеғалиева Ажар Ғинятқызы алғы сөзбен семинарды ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.  

    Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі Жұмағұлова Шолпан Исабайқызы тілдер мерекесіне орай өз тілегін жеткізді.

4

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, ф.ғ.д. Ербол Ердембекұлы Тілешов тақырып бойынша баяндама жасады.  

    Қазақстан халқының тілдері және басты тіл – мемлекеттік тіл туралы дәйекті ойларын ортаға салды, оның ішінде Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауындағы латын графикасына көшу мәселесіне кеңінен тоқталып, көпшіліктің ойындағы сұрақтарға жауап берді.

1

    Медициналық орталықтың әкімшілік-құқықтық басқармасының сарапшысы Каюпова Ұлбала Киікбайқызы тілдер мерекесімен құттықтай келе, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен Медициналық орталықтағы және оның ведомстволық қарасты ұйымдарындағы ісқағаздарының, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының жай-күйіне тоқталып өтті.

3

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында мемлекеттік тілдің қолданылуын дамыту ісіне елеулі үлес қосып жүргені үшін Е.Е. Тілешовке Медициналық орталықтың басшысы В.В. Бенбериннің Алғысы табысталды.

2017 жылғы 22 маусымда Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Геронтологтардың II еуразиялық съезін ашты
23.06.2017

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Валерий Васильевич Берберин  Геронтологтардың II еуразиялық съезінде сөз сөйледі.

2

3

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, ҚР ПІБ Медицина орталығының басшылығы, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Әзербайжан, Украина, Беларусь және т.б. елдердің жетекші ғылыми орталықтарының өкілдері қатысты.

4

Съезде геронтологияның және гериатрияның өзекті  мәселелері – іргелі,  клиникалық,  медициналық-әлеуметтік проблемалар, белсенді әрі ұзақ өмір сүру, сапалы тұрмыс жайттары, сауықтыру терапиясының ерекшеліктері, адамдарды оңалту жайы, т.б. мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде 2025 жылға қарай әлемде егде адамдар саны БҰҰ болжамы бойынша 1 млрд. 100 миллионға жететінінатап өтті. Қазақстанда 2012 жыл мен 2016 жыл аралығында жасы 60-тан асқан халық санының үлес мөлшері ең кемі 7%-дан 12%-ға дейін көбейген. Ал адам өмірінің орташа ұзақтығы 72 жастан асты.

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ өмір сүру жөнінен қол жеткізген деңгейіміз– біздің басты жетістігіміз екенін айтқанын жеткізді.  

Геронтологтардың II еуразиялық съезінде Еуразия кеңістігіндегі геронтологтар қоғамдастықтарының жұмыс тәжірибесін жинақтап қорытуға арналған.

5

6

«Ауа массажы» енді «Оқжетпес» санаторийінің емделушілері үшін де қолжетімді
25.05.2017

Лимфастрим

«Оқжетпес» емдік-сауықтыру кешені демалушылар мен емделушілерге «Лимфастим» (Lymphastim) аппаратында пневмо-компрессорлық терапиясынан өтуді ұсынады.

«Лимфастим» - осызаманғы прессотерапиялық аппарат. Ол ұлпаға механикалық әсер етіп, оның салдарынан жасуша сұйығы – лимфодренаждың артық қалдықтарын ығыстырады.

Аталмыш процедураның мәнісі қысылған ауа манжет арқылы беріліп, сөл (лимфа) және күре тамыр (венозная) жүйелеріне әсер етуінде.  

«Лимфастим» майдың ыдырауына жауапты жасуша рецепторларын жандандырады, теріні тазартып, оны оттегімен қоректендіреді. «Лимфастим» процедурасы басқаша «сығымдау массажы» деп те аталады. Тек ол механикалық емес, арнайы аппараттың көмегімен жасалады. Оның арқасында аппаратқа енгізілген бағдарлама әсер ету процессін, жасушалардың тығыздығы мен өткізу қабілеттілігін нақты мөлшерлеп отыруға мүмкіндік береді.  

«Лимфастим»-нің пайдалану өрісі кең. Ол жоғарғы және төменгі аяқ-қол ұштарында қанның тоқтап қалуын емдеу мен алдын алу, варикозды тамырша жұлдызшалары мен аяқтың көктамырларының, варикозды күретамырларының ұлғаюы,  тілменің қабынуы салдары – сөл қайтуының бұзылуы мен шораяқ кезінде, тұз байлану салдарынан буынның қабынуы, «аяқ шаршауы» синдромы, шұғыл ем кезінде күретамыр, көктамыр, лимфажолдардың бұзылуы, төменгі аяқ-қол ұштары мен қоректік бұзылудағы диабетикалық ангиопатияны алдын алу мен емдеу үшін көрсетілген.

Кенеден сақтаныңыз
04.06.2018

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы  ЕСКЕРТЕДІ!!!

Кене энцефалиті - орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен өтетін жіті вирусты ауру.  Кенелер денесі кірпішті-қызыл арқасында қара-қоңыр қалқаншасы және ұзарған тұмсығы бар, жалпы денесінің ұзындығы 2,5-4 мм, еркегі ұрғашыдан кіші 2,5 ммден аспайды. Жабысқан  кенелер қан сору мөлшеріне қарай ұлғайып қызғылт, кейіннен сұр түсті, денеде ұсақ өлшемді бұршақ тәрізді көрінеді. Кенелерге тән тіршілік ету ортасы аралас, қылқан жапырақты және қалың жапырақты ормандар, жақсы дамыған шөп жамылғысы мен түскен жапырақтардың шірінді қабаты болып табылады.  Белсенді ересек кенелердің саны мамыр айының соңында — маусымның басында максимумге жетіп, содан кейін бірте-бірте төмендейді.

Аурудың клиникалық көріністері әдетте кене шаққанда 7 — 15 күннен бастап, кейде 30 күнге дейін байқалады. Аурудың басталуы әдетте жедел басталып қалтырау, қатты бас ауруы, 3940С дене қызуының көтерілуіне дейн, барлық дененің ауыруы, жүрек айну, құсу, ұйқының бұзылуымен сипатталады. Одан әрі мойын бұлшықетінің, иық белдеуі мен қолдың парездері байқалып, ауыр жағдайларда мидың тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарына зақым келіп науқастың өліміне әкеліп соғады.  Ең басты кене энцефалитін жұқтырып алудан сақтану - кененің жабысып қалуын болдырмау. Орта белдеу жағдайында орман жорықтары кезінде  репелленттер қолданып, орманда белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұстанған жеткілікті.

Кене шағуыун болдырмау үшін  орманда не істеу қажет?

  • ашық түсті киім (оның үстінде кенені байқау үшін), ұзын жеңді және шалбар кию. Бұл ретте жеңінің болғаны, оның манжеттері тығыз түймеленгені, киім жағасы мойында тығыз болғаны жақсы, кене киім астынан денеге өте алмайды, шалбардың балағын носкиге салып қою керек;
  • жабысып қалмай тұрғанда уақытылы кенені байқап алып тастау үшін әрбір 1,5 – 2 сағат сайын бір-біріңізді мұқият тексеріп қарап шығыңыз.

Кене жабысып қалған жағдайда не істеу керек?

  • егер сіз терідеин екпесін жасау жабысып қалған кене тауып алсаңыз (әсіресе, егер зардап шегуші – бала болса!), медициналық көмекке жүгініңіз, мысалы травмпункт.  Егер медициналық көмек қол жетімді болмаса (ең жақын медициналық мекеме өте алыс орналасса), бірақ теріге жабысқан кенені тұмсығын жұлып алмай, өзіңіз алып көріңіз.  Кенені теріге барынша жақын жерінен пинцетпен немесе саусақпен ұстап, ақырын тербетіп, абайлап тартады;
  • кенені шаншып алудың, спирт тамызудың, керосинмен тұншықтырып жағудың, отпен күйдірудің қажеті жоқ, мұндайда ол теріге жұқпалы сұйықтықты шығарады;
  • кене алынғаннан кейін теріде жараның орны қалады, ол инфекция үшін «қақпа» тәрізді болады. Оны бірден бриллиант көгілдірімен немесе йодпен дезинфекциялау қажет;
  • егер баланы кене шақса міндетті түрде, өз бетімен кенені шыгарып алу алмау мүмкіндігіне қарамастан медициналық мекеменің көмегіне жүгіну қажет;
  • алынған кенені энцефалит вирусы мен боррелиоз қоздырғышына зерттеу үшін  тығыз жабылатын құтыда сақтаған жөн. Егер қоздырғыштары байқалса, жедел иммуноглобул қажет.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде каратэ бойынша біріншілікке қатысу
13.05.2018

1

«Қарлығаш» балабақшасы» РМК-да «Меруерт» тобының тәрбиеленушісі Кусельбаев Амир каратэ секциясының жетекшісі Т.К. Аршкеновпен бірге Шинкиокушинкай каратэ бойынша балалар, қыздар мен жігіттер арасында «Рухани жаңғыру» шеңберінде біріншілікке қатысты.Жарыс Астана қаласының Каратэ орталығында өткізілді. Біріншіліктің нәтижесі боцынша Кусельбаев Амир І дәрежедегі дипломмен марапатталды.Осы біріншілікке қатысудың мақсаты балалардың шығармашылық, физикалық қабілеттерін дамыту болып табылады. Шеберлікті арттыру, дағдылар мен іскерлікті бекіту. Жеңіске деген құштарлыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеленушілердің «Мәдениет жолында» атты Жастар таланттарының VI Халықаралық фестивалінде таланттар сайысына қатысуы
04.05.2018

1

Балабақша тәрбиеленушілері Астана қаласының Оқушылар сарайында ұйымдастырылған «Мәдениет жолында» атты Жастар таланттарының VI Халықаралық фестиваліне музыка жетекшісімен, хореограф пен педагог-ұйымдастырушымен қатысты.


«Қарлығаш» балабақшасы» РМК балалары екі номинацияға: «Хореграфия» және «Вокал» номинацияларына қатысты.


Байқау нәтижесінде балақша тәрбиеленушілері «Хореграфия» номинациясында ІІ орынға және «Вокал» номинациясында ІІІ орынға ие болды, сонымен қатар қатысқандары үшін сертификаттар берілді.


Бұл мерекеге қатысудың мақсаты дарынды балаларды анықтау болды.

1

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» филиалында өткен наурыз мейрамы
23.04.2018

 

11

Ежелден Ұлы Дала кеңістігінде Наурыз қастерлі мейрамдардың бірі болды. Ол күзгі жаңару, махаббат шаттығы, молшылық және достық белгісі болды. Наурыз – бұл жаңа жыл басы, көктемнің келуі, жер бетінде тіршіліктің қайта оянатын уақыты.

2018 жылғы 14 сәуірде «Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» филиалында Наурыз мейрамын тойлауға арналған іс-шара өткізілді. Мейрамға келген 400-ден астам қонақтың арасында қазақ эстрадасының жұлдыздары, еңбек сіңірген қайраткерлер, медицина ғылымдарының докторлары, профессорлар, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдарының бірінші басшылары, Қазақстанның танымал блогерлері мен дизайнерлері болды.
Мейрамға Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Бенберин Валерий Васильевич, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті Беркінбаев Қайрат Шерәліұлы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ «Алматы» филиалының директоры Оразқұлов Мәулен Орынтайұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Дос Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамбілінің негізін салушы және көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық музыка академиясының академигі Мұрат Құсайынов, «Нұр Мұқасан» тобының жеке орындаушысы Мусахан Шахзадаев және отандық эстраданың басқа әртістері қатысты. Сондай-ақ мерекеге дизайнер және блогерлер Асем мен Айнұл Нұрсейітовалар, блогер және теле-радио жүргізушісі Диана Снегина келді, олардың арқасында осы іс-шара әлеуметтік желілерде кеңінен жария болды.

Наурызды тойлау қонақтарды қарсы алудың тамаша дәстүрімен басталды, қонақтарды санаторий қызметкерлері қазақ, орыс, татар, грузин, ұйғыр, корей ұлттарының ұлттық тағамдары қойылған дастархандарын жайып қарсы алды.
«Құрмет аллеясына» шыршалар отырғызудың тамаша дәстүрі осы жылы құрметті қонақтарымызбен жалғасын тапты. Мұрат Құсайынов пен Мұрат Шахзадаевтың бастамасымен барлық тілек білдірушілер Іле Алатауының етегінде өсетін мәңгі жасыл шыршаларды өз қолдарымен отырғызды.

6

7

Көпшілік жүретін үлкен алаңда киіз үйлер, алтыбақан, әртүрлі ұлттық нақышты инсталляциялар қойылды. Күші мен ептілігін көрсетуге тілек білдірушілер үшін «Қазақша күрес және самбо», «Арқан тартыс», «Асық ату» секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Кішкентай қонақтарымыз үшін батут, балмұздағы бар аппарат орнатылды, аквагримм жұмыс істеді, ал көңілді аниматорлар олардың көңілдерін көтерді.

3

5

 

Бала кезімізден қазақ ұлттық ертегілеріміздің сүйікті кейіпкерлері үлкен қуыршақтар түрінде мерекенің ерекше рухын көтерді. Нағыз батырдың қолындағы айбарлы бүркіт қонақтардың көңілін жаулап алды.

Шет жақта «Шеберлер ауылы» орналастырылды, өз ісінің шебері болуға тілек білдірушілерге орамал кестелеу, зергерлік жұмыс және керамикалық бұйымдар бойынша шағын шебер кластардан өту ұсынылды.

1

Наурыз мейрамын тойлау фольклорлық ансамбльдің қатысуымен, билер, акробаттық нөмірлер мен мини-театрдың қойылымымен концерттік бағдарлама сүйемелденді. Концерттік бағдарлама барысында өткізілген лотерея бақты сынаудың тамаша тәсілі болды.

8

Қорытындысында 4-8 жас аралығындағы балалар арасында жүзу бойынша жарыстар өткізілді. Жарыстар Қазақстан Республикасы Жүзу федерациясының қолданыстағы ережелеріне сәйкес жүргізілді, оның мақсаты Алматы қаласының екі клубы арасында мықты әуесқойларды табу, сондай-ақ жүзуді спорт түрінде танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жасөспірімдерді спорт сабақтарына тарту болды. 

2

4

9

10

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру
18.01.2018

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында 2018 жылғы 17 қаңтарда жиналыс өткізді. Жиналысқа Медициналық орталықтың мемлекеттік қызметшілері мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының басшылары қатысты.

Медициналық орталық басшысының орынбасары А.Ғ. Төлеғалиева Жолдауда көзделгендей Қазақстанның жаңа әлемнің көшбасшылығына кіруі жөніндегі он міндетпен таныстырып шықты, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директоры Ә.А. Ахетов жетінші міндеттегі «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» бөлігіне баса көңіл аударса, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер» АҚ президенті С.А. Қайыргелдина цифрландыру мен адами капиталдың маңыздылығына тоқталды, ал Жолдаудағы сегізінші және тоғызыншы «Тиімді мемлекеттік басқару» мен «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» туралы міндеттерді Медициналық орталықтың әкімшілік-құқықтық басқармасының басшысы Ж.Б. Орман түсіндіріп өтті.

Жиналыс қорытындысы бойынша Жолдауды іске асыру үшін бірқатар іс-шаралар айқындалып, тиісті ұсыныстар енгізілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған  Спартакиада
28.11.2017

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдары – «Орталық клиникалық аурухана» АҚ (бұдан әрі – ҚР ПІБ МО «ОКА» АҚ) «Оқжетпес» ЕСК» «Алматы» АҚ-мен бірлесіп, 25-26 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған спартакиада өткізді.

    ҚР ПІБ МО «ОКА» АҚ-ның президенті И. Крачковский және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының әкімшілік-құқықтық басқармасының басшысы Ж.Орман спартакиаданы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиада

    Спартакиадаға 8 команда қатысты, олар:

  1. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ;
  2. «Оқжетпес» ЕСК» «Алматы» АҚ;  
  3. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК;
  4. «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ-ның және «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ-нің бірлескен командасы;
  5. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК;
  6. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК;
  7. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының ведомстволық қарасты ұйымы «Жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану» ЖШС;
  8. «Aray Deluxe Thermal Resort» сауықтыру кешені.

спартакиада

    Жарыстар бес спорт түрі: мини-футбол, волейбол, арқан тарту, үстел теннисі және шахмат бойынша өтті.

Спартакиада

спартакиада

спартакиада

спартакиада

    Жарыстың қорытындылары бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, екінші орынды «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК, үшінші орынды «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК иеленді.

    Түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар мен марапаттар:
    - Волейбол:
I орын - «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК;
II орын - «Орталық клиникалық аурухана» АҚ;
III орын - «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК;
Үздік шабуылшы – Рымқожа К. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК;
Үздік байланыстырушы – Нұсқабай С. «ОҚЖЕТПЕС» ЕСК» «АЛМАТЫ» АҚ;
Үздік қорғаушы – Садыров Н. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ.
    - Футбол:
I орын - «Орталық клиникалық аурухана» АҚ;
II орын - «Aray Deluxe Thermal Resort» сауықтыру кешені;
III орын - «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК;
Үздік бомбардир – Урметов А. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК;
Үздік қорғаушы – Турдыбай Х. «Aray Deluxe Thermal Resort» сауықтыру кешені;
Үздік қақпашы – Мединаев Б. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ;
    - Теннис:
I орын - «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК;
II орын - «Aray Deluxe Thermal Resort» сауықтыру кешені;
III орын - «Орталық клиникалық аурухана» АҚ;
Қыздар арасындағы үздік теннисші – Нышанова Б. «Aray Deluxe Thermal Resort» сауықтыру кешені;
Ерлер арасындағы үздік теннисші – Айтимов А. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК.
    - Шахмат:
I орын - «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК;
II орын - «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК;
III орын – ҚР ТПҚ ведомстволық қарасты ұйымы «Жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану» ЖШС;
Үздік шахматшы – Дегтярев В. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК.
    - Арқан тарту:
I орын - «Орталық клиникалық аурухана» АҚ;
II орын - «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК;
III орын - «ОҚЖЕТПЕС» ЕСК» «АЛМАТЫ» АҚ;
Ең күшті ойыншы – Лукьянцев В. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

спартакиада

Спартакиада

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы боулингтен турнир өткізді
09.10.2017

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы жыл сайынғы спорттық жарыстар шеңберінде 7 қазанда боулингтен турнир өткізді.

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары Айдар Нұрмұханұлы Дөкенов турнирді ресми түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


 3
    Жалпы турнирге Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының 8 командасы қатысты.

    Турнир нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ командасы, екінші орынды «Орталық клиникалық аурухана» АҚ командасы, ал үшінші орынды «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы» РМК командасы иеленді.

    Ерлер арасында үздік ойыншы номинациясын «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК қызметкері Байымбетов Ғалым Сейітханұлы жеңіп алса, қыздар арасында «Орталық клиникалық аурухана» АҚ қызметкері Малаева Марина Анатольевна үздік атанды.

    Ойын жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2

1

 30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
07.09.2017

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құрметіне Медициналық орталықтың ауруханасы базасында салтанатты жиын өткізді.

    ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы В.В.Бенберин Қазақстан Республикасының негізгі заңына арналған жиынды салтанатты түрде ашып, Медициналық орталықтың және оның ведомствалық қарасты ұйымдарының қызметкерлерін құттықтады.

30

    Сондай-ақ ,әкімшілік-құқықтық басқарманың басшысы Жомарт Болатұлы Орман Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу тарихы туралы баяндама жасады.

30

    Медициналық орталықтың басшысы В.В.Бенберин «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелеріне салтанатты түрде партия билеттерін табыстады.

30

30

    ҚР Президенті  Іс Басқармасының Медициналық орталығы бүкіл қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық , баянды бақыт пен өсіп-өркендеуді  тілейді.

Құрметті медициналық қызметкерлер!
20.06.2017

Сіздердің бүгінгі кәсіби мерекелеріңізде Сіздерге тынымсыз еңбектеріңіз және мейірімді ашық жүректеріңіз үшін көптеген жылы лебіздерімізді айтып, алғыс сөздерін жолдағымыз келеді. Сіздердің кәсіптеріңіз – ең  мейірімді әрі жасампаз мамандықтардың бірі, Сіздер адамдарға денсаулық, өмір шаттығын сыйлайтын, ал оның орнына пациенттер мен жақын адамдардың жүзінен шынайы бақыт пен ризашылық белгісін  көріп қуанатын жансыздар!

Сіздерге адами, рухани қасиеттеріңіз, мейірімділік пен тілектестіктеріңіз үшін бас иіп, үлкен рахмет дейміз!  
    
Сіздерге дендеріңізге саулық, қарапайым адами бақыт, отбасыларыңызға береке мен татулық және кәсіби өркендеуді тілейміз!

1

Медициналық қызметкер күнін мерекелеу аясында ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары Баттақов Ерлан Еркінұлы және ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Бенберин Валерий Васильевич ведомстволық қарасты ұйымдардың медициналық қызметкерлерін құттықтап, еңбегіне лайықты наградалармен және грамоталармен марапаттады.

2

Ставрополь аймағының белгілі шипажайлары мен Астана қаласын тікелей әуерейс байланыстырады
18.05.2017

2 маусымнан бастап аптасына екі рет - дүйсенбі мен жұма күндері орындалатын жазғы маусымға арнайы ашылған Астана-Минеральные Воды тікелей әуе рейсы бойынша жолаушылар тасымалы орындала бастайды.

Ресейдің танымал бальнеологиялық және балшықты курорттары саналатын Кавказ Минералды Сулары тобына Ессентуки, Кисловодск пен Железноводск қалалары кіреді.

Астана-Минеральные Воды тікелей әуе рейсы

Ессентуки қаласында «Қазақстан» көпфункционалды шипажайы орналасқан. Ол жыл сайын 5000 демалушыға қызмет көрсетеді.

«Қазақстан» шипажайының емдік-диагностикалық бөлімшесі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған, ал жоғарытәжірибелі мамандар шипажайда науқастарды қабылдап, кеңес береді.    

Шипажайда ем-дом қызметін көрсету кезінде ас қорыту мүшелері мен зат алмасуының бұзылуына ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, сүйек-бұлшықет жүйесі, жүйке аурулары, қан айналымының бұзылуы, бүйрек пен несепбөлу жолдарының ауруы, гинекологиялық және урологиялық ауруларды емдеу түрлері жүргізіледі.

[12 3  >>  

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты